Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында 43 әлеуметтік нысан салынады

20 Ақпан 2019, 21:30
1904
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Бүл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты деп мәлімдейді Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұрлан Ноғаев бүгінгі халыққа есеп беру кездесуі барысында 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен болашақтағы жоспарлар туралы айтты.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, 2019 жылы 25 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, атап айтсақ, 10 балабақша, 11 мектеп, 1 музыка мектебі, 2 жатақхана, 1 жатақханасы бар лицей.

«Денсаулық сақтау саласында жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен үш нысанның құрылысы аяқталады, олар – Кардиология орталығына қосымша ғимарат, Құрманғазы аудандық ауруханасына 75 орынға арналған ғимарат және Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында фельдшерлік-акушерлік бөлімше», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, биыл мың жарым орындық 9 мәдениет нысаны – мәдениет үйі, кітапхана мен музей пайдалануға беріледі. Ал спорт саласында 2019 жылы алты спорт залы, мектеп пен ДСК ашылады деген жоспар бар.

Өзгелердің жаңалығы