Атырау облысында 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

29 Наурыз 2023, 19:44
829
Бөлісу:
Атырау облысында 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 наурыз күні Құрманғазы ауданының ПБ-нің қызметкерлері 1980 ж.т. аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының ПБ ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы