Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дабылды ескерту жасады.
19 маусымда Ақмола облысының кей жерінде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде найзағай, тұман күтіледі. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
Күндіз, 19 маусымда Атырау облысының кей жерінде 35-36 градус қатты ыстық, V класс өрт қауіптілігі күтіледі, - делінген хабарламада.
Атырау қаласында 19 маусымда күндіз 35 градус ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.