Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында 311 келі бекіре балығы тәркіленді

27 Сәуір 2025, 08:35
828
Бөлісу:
 Атырау облыстық полиция департаменті
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облысында 1 сәуірден бері заңсыз айналымнан 1 тонна 637 келі балық өнімі тәркіленді. Оның ішінде 311 келі бекіре тұқымдас балық бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Бекіре – 2025» кең ауқымды акциясы аясында 101 құқық бұзушылық дерегін анықтаған. Алты іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері расталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәркіленген заттар қатарында 1 қайық, 26 ау құралдары, сондай-ақ 2 келіден астам бекіре уылдырығы бар. Барлық бекіре тұқымдас балық арнайы балық зауытына тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы