Атырау облысында 31 адам қызылша жұқтырған

3 Сәуір 2025, 21:28
552
Бөлісу:
Атырау облысында 31 адам қызылша жұқтырған
Фото: depositphotos

Атырау облысында жыл басынан бері қызылшаның 31 жағдайы тіркелген. Жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылы өте жұқпалы антропонозды жіті респираторлық вирустық инфекция 2 252 адамнан табылған. Былтыр ауру көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 20,8 пайызға жоғарылаған. Өсім облыстың барлық аумақтарында тіркелді. Соның ішінде 1 710 дерекпен Атырау қаласы, 61-67 фактімен Құрманғазы, Қызылқоға аудандары көш бастап тұр. 

Ал биыл, яғни 2025 жылдың 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында зертханалық жолмен дәлелденген қызылшаның 31 жағдайы тіркеліпті.
Жас ерекшеліктері бойынша алсақ, 14 жасқа дейінгі 29 баладан, сондай-ақ 2 ересектен вирус табылған. 80 пайыз тұрғынның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болды. 

Ауру ауа, тамшы жолымен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілекей арқылы таралады. Негізгі белгілері – дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі денеде кезектесіп бөртпелер шығады және бірігіп кетуге бейім болады. Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика, - дейді Облыстық СЭБД басшысының орынбасары Гүлназ Ирбатырова. 

Қызылшаны елемеген жағдайда асқынып, көздің көрмей қалуына, мидың ісінуіне, тіпті өлімге дейін апаруы мүмкін. Сол себепті мамандар вирусқа қарсы екпені алу маңызды екенін айтады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айында, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз. Ол тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы