Атырау облысында 12 «Жайлы мектеп» салынады

11 Наурыз 2024, 05:16
668
Бөлісу:
Атырау облысында 12 «Жайлы мектеп» салынады
Фото: baq.kz

Атырау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 білім ошағы салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектептер қала іргесіндегі елдімекендер мен шалғай аудандарда бой көтереді. Жоба аясында биыл тағы 3 мектептің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Қазір өңірдегі 10 мектепте 21 мыңға жуық оқушы үш ауысыммен оқып жүр.

Қазір өңірде 140 мыңдай оқушы бар. Облыстағы 200-ден аса білім ошағының онында балалар үш ауысыммен оқып жүр. 7 мыңнан аса балаға орын жетпейді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолға алынған 9 мектептің құрылысы биыл аяқталса, мәселе оңтайланады. Қосымша тағы 3 мектеп салынады, деп жоспарланып отыр.

Қазір барлық 9 мектептің құрылыс қарқыны күшейді. Облыс әкімі тапсырма берді алдағы оқу жылына бәрін аяқтап, пайдалануға беруге. 3 мектептің құрылысы бойынша қазір жобалары жасақталып жатыр. Жобалар асақталғаннан кейін басталады. 300 орындық мектептердің жобалық құны 4 млрд, 600 орындықтардікі 6-7 млрд теңге, 900 орындықтар 7 млрд., - дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 12 білім ошағы пайдалануға берілсе, 24 мың бала жаңа мектепке көшеді. Бұл өңірдегі үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы