Атырау, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов Атырау облысының жаңа прокурорын аймақтың активінде таныстырды.
"Бас прокурордың бұйрығымен Мемлекет басшысының келісімімен ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Халидулла Дәуешов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды. Прокуратурадағы еңбек жолы 1991 жылы басталды. Бірнеше жылдан бері Атырау қаласы прокурорының орынбасары, прокурор, бөлімнің аға прокуроры, бас прокуратураның аға прокуроры болды. Орал қаласы, Атырау облысындағы Жылыой және Мақат аудандарының, Атырау қаласының прокуроры, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары прокурорларының орынбасары болды. 2016 жылдың маусымынан бастап Қызылорда облысының прокуроры болды. Прокуратурада 27 жылдан астам еңбек өтілі бар", - дейді Берік Асылов.
Атырау облысының тумасы, жауынгер-интернационалист Халидулла Дәуешов қадағалау органында үлкен тәжірибеге ие.
Облыстың бұрынғы прокуроры Ернат Сыбанқұлов Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөз сөйлеп, аймақтағы қадағалаушы орган жұмысының маңыздылығын атап өтті.
"Мен өз атымнан Ернат Мұхамбетқалиұлына өңірде атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді. Заңды сақтау, азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері қадағалаушы орган алдында тұрған ең маңызды міндеттер болып табылады. Браконьерлікпен күресу және балық қорларын сақтау мәселелерін шешуді бөлек атап өту қажет. Барлық уәкілетті органдардың негізгі ұстанымы, тәжірибесі және өзара іс-қимылы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Жаңа лауазымға тағайындау - үлкен тәжірибе, міндеттерді шешу мүмкіндігі. Жаңа лауазымда сіз көлік саласындағы заңның үстемдігіне байланысты барлық мәселелерді белсенді түрде шешетін боласыз деп сенеміз. Халидулла Зиноллаұлын облыстық прокурор лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз. Атыраудағы және басқа да облыстардағы тәжірибе, Елбасы мен президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды, заң мәселелерін кәсіби түрде шешетініне сенімдімін" - деді облыс басшысы.