Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып Нұрхат Оразбаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды.
Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады.
Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ Академиясының түлегі. Жаңа қызметке дейін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.