Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Атырау облысы Махамбет ауданында жұмыспен қамту шараларына 1262 жұмыссыз тартылды. Бұл Жұмыспен қамту орталығына хабарласқандардың 96,2% құрайды. Олардын 732-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту жол картасы аясында ауданда іске асырылып жатқан 10 жобада барлығы 852 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың 482-не Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар орналастырылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
⠀Махамбет аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Алмажай Қартжанованың айтуынша, жол картасына сәйкес аудандағы ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстарына үш жүз елу жұмысшы жұмылдырылған. Нақтырақ айтқанда, Ақтоғай ауылындағы ауылішілік жолдың жөндеу жұмыстарына 121 адам жұмылдырылды. Оның 37-сі Жұмыспен қамту орталығынан. Ал Талдыкөл ауылының ауылішілік жолдарына 61 жұмысшы жұмылдырылып, 32 адам Жұмыспен қамту орталығынан келді. Ең көп жұмысшы Бейбарыс ауылының 4,5 шақырымдық ауылішілік жолдарына тартылды. Оған 168 жұмысшы жұмылдырылған болса, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығынан келгендер саны – 122.
⠀
Айта кетейік, бүгінде Махамбет ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде басқа да жобалар іске асырылуда. Мәселен, Сарытоғай ауылында балаларға арналған "Арай" демалыс лагерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ, ауданда дәрігерлік амбулатория, орталық аудандық ауруханасы және инфекциялық бөлімі, фельдшерлік-акушерлік пункттер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Махамбет ауданындағы екі бірдей су арнасына тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оларға ауданның екі жүзден аса жұмыссыз тартылды.