Атырау облысы. Бөгет құрылысына 650 әскери қызметші тартылды

17 Сәуір 2024, 11:22
393
Бөлісу:
Атырау облысы. Бөгет құрылысына 650 әскери қызметші тартылды
VIDEO
Фото: скрин

Махамбет ауданында салынып жатқан дамбы құрылысына 650 әскери қызметші тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Аудандағы 21 елді мекеннің 17-і Жайық өзенінің бойында орналасқан.

Қорғаныс дамбыларын салу жұмыстарына волонтерлар, ауыл тұрғындары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген әскери қызметшілер қатысуда.

Біз Шымкент қаласындағы 35 748 әскери бөлімінен келдік. 300 әскери қызметші мен 17 дана техника бар. Махамбет ауданы басшылығының жағалау бекіту жұмыстары бойынша тапсырмаларын орындап жатырмыз,-деді шымкенттік әскери қызметші Мирас Жанабилов.

Махамбет ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстары жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымы – жаңадан салынған дамбалар. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағалауына топырақ салынған 800 мың қап төселген.

Өзгелердің жаңалығы