Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Атырау облысы Мақат ауданында 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша 38 кәсіпкердің жобасы мақұлданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин хабарлағандай, бүгінге дейін ауданда 1400-ге жуық шағын бизнес субьектілері тіркелген. Бұл көрсеткіш ауданда бизнес нысандарының көбейіп, кәсіпкерлік саласының қарқынды дамып келе жатқандығының нәтижесі.Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айында аудан бойынша 7 шағын бизнес нысаны ашылды. Яғни, Мақат пен Доссор кенттерінен кафе, шайхана мен дүкендер, автотұрақ және техникалық қызмет көрсету кешені іске қосылды, - дейді аудан әкімі Шәкір Кейкин.
Айта кетейік, биылғы жылы Мақат ауданында жалпы саны 63 млрд. 73 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкесті мерзімімен салыстырғанда 312,8 пайызға өскен.