Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтірілді және 7,1 млн теңге өтелді.