Атырауда тегін тігіншілік курсы ашылды

24 Мамыр 2019, 21:06
7260
Бөлісу:
Атырауда тегін тігіншілік курсы ашылды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Сұлтан Бейбарыс» мешіті жанынан «Алтын өрнек» атты тегін тігін үйірмесі ашылды. 

Қасиетті айда қолға алған бұл іс «Аяттан амалға» жобасы бойынша жүзеге асып жатыр. Мұнда аймақтағы аз қамтылған және көп балалы аналарды шеберлікке баулып, тігіншілік өнердің қыр-сырын үйретеді. Үйірмені өткізуге қаладағы тігін студияларының бірінің шеберлері қолдау білдірген. Ақысыз сабақтар 2 ауысымда өтеді. 

«Біздің курсымызда қыздар кезең-кезеңмен оқитын болады. Бірінші айда қыздар машинканың құрылысымен танысып, тігістердің түрлерін үйренеді. Одан кейін, көйлек, белдемше шалбар тігіп үйренетін болады. Одан соң, құрақ көрпе, балалар киімдерін тігуге үйретеміз. Курсты толық оқып бітіргеннен кейін жұмыспен қамтуға, шеберханаға жұмысқа орналасуына көмектесеміз», - дейді тігінші Ақмарал Ақтанбергенқызы.

«Мешіт тек қана құлшылық, ғибадат орны емес, мешітті тәрбие ошағына айналдыруымыз керек. Бұл жерде семинарлар, тіл үйрететін курстар өтеді. Біз отбасы құндылықтарды дәріптейтін, байырғы мектептеріміз жаңғыртып жатырмыз.Көптеген әйелдер жұмыс іздеп жатады. Осы жерге келіп үйренсе, бұл да кәсіптің бір түрі. Балалардың киімін тігу арқылы, отбасын асырайды, оылайша ертең өз кәсібін ашуы да мүмкін», - деді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров. 

Өзгелердің жаңалығы