Атырау маңынан Алтын Орда дәуірінен қалған қалашық табылды

<p>Сарайшықтан Сарай Бату бағытына қарай 25 шақырым жерде көлемі 100 гектар болатын аумақтың көне қалашық екені анықталды деп хабарлайды BAQ.KZ.</p>

25 Қыркүйек 2022 2022, 11:28
АВТОР
 25 Қыркүйек 2022 2022, 11:28
25 Қыркүйек 2022 2022, 11:28
5112

Сарайшықтан Сарай Бату бағытына қарай 25 шақырым жерде көлемі 100 гектар болатын аумақтың көне қалашық екені анықталды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы екі жылда 10 шақты қала, елді мекеннің орны ашылды. Сол бойынша осы Сарайшықтан шығып, 3 бағытта кететін керуен жолдардың бағыты да анықтала бастады. Соның бір нәтижесі қазір Қарағайлы деген жерден шағын қалашықтың орны табылды. Қазба енді басталды. Жердің бетінде жатқан заттарға байланысты, ол сөз жоқ, Қазақ хандығының, Алтын Орда дәуірі кезіндегі қала болған. 

24.kz сайтының хабарлауынша, «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының мамандары өткен жылдан бері Мәдениет министрлігінің қолдауымен ғылыми жобаны игеріп келеді. Соның арқасында Сарайшық пен Сарай Бату аралығынан 10 шақты көне қала орнын анықтаған. Соның ішіндегі ең ірісі, осы – Қарағайлы тұрағы.
 

Наверх