Өр суының қарқыны басылмауына байланысты 22 мамыр сағат 21:00 ден бастап, "Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын, қосымша тағы да осындай 6 құбыр салынғалы отыр.
Құбыр орнату жұмыстары шамамен 24-30 сағатқа созылады деп күтілуде.
Жұмыстарға қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады.