Атырау - Индер тас жолы уақытша жабылды

17 Мамыр 2024, 11:09
394
Бөлісу:
Атырау - Индер тас жолы уақытша жабылды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау - Индер тас жолының 27 шақырымы уақытша жабылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнынан жағдайды баяндаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың хабарлауынша, "Атырау - Индер" тас жолының 27 шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау фактілері тіркелген жоқ. Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытына дейін толық қалпына келтіріледі, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар.

Атырау қалалық полиция басқармасы Жол жүру техника инспекциясы қызметкерлері жолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Өзгелердің жаңалығы