Атырау емханасының бас бухгалтері 500 млн теңге жымқырған

15 Қазан 2024, 09:38
327
Бөлісу:
Атырау емханасының бас бухгалтері 500 млн теңге жымқырған
Фото: Арман Мухатов архив

Сот бюджеттің 500 млн теңгесін иемдегені үшін емхананың бас бухгалтерін бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Атырау қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі).

Атырау қалалық емханасының бас бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есеп-шоттарына аударған. Қылмыстық жолмен алынған осы қаражатты аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған. Емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеген, - делінген Жоғарғы соттың ақпаратында.

Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұрады.

Сотталушының айыбын ішінара мойындап, шынайы түрде өкінуі, асырауында жас балаларының болуы, келтірілген зиянды ішінара өтеуі – жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады, - делінген хабарламада.

Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленіп, қаражат және материалдық жауаптылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляция бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы