Күннің күрт жылынуы аймақтарда қардың жедел еруіне әкеп соқтырды. ТЖМ Атырау облысы Қызылқоға ауданында еріген қар суы қауіп төндірмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 ақпанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында еріген қар суы Мұқыр кенті мен Сағыз кенті арқылы штаттық режимде арық арнасы бойынша өтті. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Су деңгейі төмендеді. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД бақылауында. Дүрбелеңге берілмеуіңізді және тек ресми мәліметтерге сенуіңізді сұраймыз! – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: