Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Біз бүгін тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жылыту маусымына дайындығы, автокөлік жолдарының алдағы қысқы мезгілге дайындығы және азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары туралы талқылайтын боламыз. Елді-мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру мен азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына түгендеу жүргізу қорытындылары туралы есеп те тыңдалады, - деді Қ.Нұртаев.
Облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың мәлімдеуінше, өңірді дамыту кешенді жоспарына сәйкес 2023 жылы 4 бекет ашу жоспарланды. Олар Исатай ауданы Исатай ауылында, Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында және Махамбет ауданының Бейбарыс пен Бақсай ауылдары.