Аты аңызға айналған боксшы Джордж Форман қайтыс болды

22 Наурыз 2025, 11:28
746
Бөлісу:
Аты аңызға айналған боксшы Джордж Форман қайтыс болды
Фото: bbc.com

АҚШ-та 76 жасында әйгілі боксшы, ауыр салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы және Олимпиада жеңімпазы Джордж Форман өмірден өтті. Бұл туралы TMZ порталы оның отбасына сілтеме жасап хабарлады,  деп жазады BAQ.KZ.

Біздің сүйікті Джордж Эдвард үлкен Форман2025 жылдың 21 наурызында жақындарының қасында тыныш түрде өмірден өтті, – деп мәлімдеді оның туыстары.

Форман 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, ауыр салмақта WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

1973 жылы ол сол кездегі жеңілмеген чемпион Джо Фрейзерді нокаутпен ұтып, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

1974 жылы 25 жастағы Форман “Джунглидегі гүрсіл” деп аталған тарихи жекпе-жекте Мұхаммед Әлимен кездесті. Бұл кездесуде ол сегізінші раундта нокаутпен жеңілді.

1977 жылы бокстан кетіп, пастор болды. Бірақ 10 жыл өткен соң, қайта оралып, 1994 жылы 45 жасында 26 жастағы Майкл Мурерді жеңіп, тағы да әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Форман ауыр салмақтағы ең қарт әлем чемпионы ретінде тарихқа енді. Оның спортқа қайта оралуы – бокстағы ең таңғажайып жетістіктердің бірі саналады.

1997 жылы ол мансабын аяқтады. Жалпы, Форман 76 жекпе-жекте жеңіске жеткен (оның 68-ін нокаутпен) және 5 рет жеңілген.

Өзгелердің жаңалығы