Аттестат пен біліктілік. Депутат оқушыларға арналған заң жобасы туралы айтты

26 Қазан 2023, 13:36
2049
Бөлісу:
Аттестат пен біліктілік. Депутат оқушыларға арналған заң жобасы туралы айтты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тағы бір мәселе - оқушылар мектепті бітіргенде, қолына аттестатты алғанда олар қосымша тиісті біліктілікті алып шығу мүмкіндігін беру. Бұл мәселені Amanat партиясының бағдарламасына енгіздік. Қазіргі таңда депутаттар тиісті түзетуді заңнамаға енгізіп, бастамашылық жасап үкіметке жіберді. Бүгінде үкіметтің қорытындысын күтіп отырмыз, - деді ол «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартулар және перспективалар» атты халықаралық конференцияда.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов білім беру бағдарламаларын жаңарту керегін айтып, еңбек нарығындағы бірқатар мәселеге тоқталған еді.

Сонымен қатар қазан айының басында депутат Қазақстанда колледждер онлайн оқуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы