ШҚО-да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының аймақтық орталығы құрылады

22 Ақпан 2019, 14:45
3602
Бөлісу:
ШҚО-да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының аймақтық орталығы құрылады

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның «Алтай Атлетикс» клубында Қазақстан азаматтығын алған төрт кениялық жеңіл атлетші бар. Жеңілатлетика федерациясы халықаралық қауымдастығының үздіктер рейтингіне кіретін бұл спортшылар қазірдің өзінде халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтып жүр.

Бұл туралы тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген «Алтай Атлетикс» кәсіби жеңіл атлетика клубының алдағы мақсат-міндеттері туралы айтқан өңір басшысы соңғы жылдары өңірде бұл спорт түрінің жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Жуырда мен Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) Президенті Себастьян Коэмен кездестім, кездесу барысында оған Қазақстанда IAAF аймақтық даму орталығын ашуды ұсындым. Қазір әлемде осындай тоғыз орталық бар. Егер ол орталық ашылған жағдайда біздің еліміздің ғана емес, өзге елдердің де мамандары әлемдік деңгейдегі білім алу үшін бізге келетін болады», – деді Даниал Ахметов.

 Азамат ТЕМІРБЕКОВ

Өзгелердің жаңалығы