Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада атеросклероз бен кардиология саласы мамандарының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан кардиологтары қауымдастығының президенті Сәлім Беркінбаев мәлімдеді.
Атеросклероз – бұл медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселе. Қауіп тобында артық салмағы, қант диабеті, артериялық гипертензиясы бар адамдар. Бұдан басқа генетикалық бейімділік пен өмір салты маңызды. Зиянды әдеттер мен төмен физикалық белсенділік атеросклероздың пайда болу қаупін едәуір арттырады. Сондықтан адамдардың ауру қаупі, қауіп факторлары және алғашқы белгілері, дәрігерге қашан жүгіну қажеттігі туралы хабардар болуы өте маңызды, - деп атап өтті дәрігер.
Сондай-ақ кардиолог атеросклероздың қайғылы жағдайға әкелу қаупі жоғары деп отыр.
Жыл сайын атеросклероз қатерлі ісік, пневмония, қант диабеті және басқа да көптеген ауруларға, соның ішінде COVID-19 пандемиясына қарағанда миллиондаған адамның өмірін қияды. Атеросклероздың қауіптілігі туралы ақпараттандырудың төмендігін назарға ала отырып, азаматтарымыздың денсаулығы үшін елдегі жетекші сарапшылар түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Миллиондаған адамдарды ерте ауыр мүгедектіктен және мезгілсіз өлімнен құтқару үшін дертпен күресу үшін бірігуіміз керек, - деді кардиологтар қауымдастығының басшысы.