Ақмола облысында жанып жатқан көлік 9 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға бүгін Атбасар қаласында болған.
ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.