Атбасарда 45 жастағы ер адам өртеніп кете жаздады

Бүгiн, 04:45
101
Бөлісу:
Атбасарда 45 жастағы ер адам өртеніп кете жаздады
Фото: скрин

12 тамызға қараған түні Атбасарда жеке тұрғын үйде өрт шығып, 45 жастағы ер адам өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 35 шаршы метрді шарпыған.

Барлау және өртті сөндіру кезінде құтқарушылар сөндірілмеген темекінің кесірінен ішімдік ішіп өртеніп кете жаздаған үй иесін – 1979 жылы туған ер адамды құтқарды, - делінген хабарламада.

Анықталғандай, ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет емес, жағдайы тұрақты.

Өрт сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы