Ақмола облысының прокуратурасы алқабилер сотының шешіміне наразылық келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің үкімінің негізінде Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№1 мекеме» РММ-нің бұрынғы 12 қызметкер ақталды.
Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін айыпталған.
Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.
Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді.