Атбасар ауданында 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Есіл өзенінің деңгейінің күрт өсуіне байланысты Самарқа ауылынан Ақмола облысының Атбасар қаласына 53 адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ үй жануарлары эвакуацияланды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен тәулік бойы қосымша бөгет салу, инертті материалы бар қапшық салу, су айдау жұмыстары жалғасуда.