“Зенит”, “Арсенал” және “Қайраттың” бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин Алматыда “Қайрат” – “Реал Мадрид” тарихи кездесуіне келген сәтінде Көк базарда көзге түсті. Спортшының бұл қадамы көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аты аңызға айналған футболшының Алматыдағы ең танымал базарлардың бірінде болғаны оның Instagram-Stories парақшасы арқылы белгілі болды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Аршавинды видеоға түсіріп тұрған ер адам былай дейді:
Алматыдағы қарапайым базар, қарапайым шаштараз. Ештеңе ерекше емес, тек Андрей Аршавиннің базарда шаш қидырып жатқанын көріп тұрмыз.
Айта кетейік, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы Орталық стадионда “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасында тарихи кездесу өткен болатын. Ойын қонақтардың айқын басымдығымен аяқталып, мадридтік клуб алаң иелерін 5:0 есебімен ұтты.