Астана, BAQ.KZ. Абу-Даби қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИЫҰ) 46-шы отырысы өтті. Іс-шараға Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысты.
Форумның күн тәртібі өте мазмұнды болды. Екі күннің ішінде Ұйымға мүше 56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері ислам әлеміндегі саяси ахуалға, мемлекетаралық қатынастарды нығайту жолдарына, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелерді қарады. Министрлер жиналысының қатысушылары түрлі әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды шешу жөніндегі шараларды талқылады.
Өз сөзінде Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов құрылғанына 50 жыл толған ИЫҰ-ның ерекше рөлін атап өтті. Көптеген басқа халықаралық ұйымдар сияқты, бүгінгі күні ИЫҰ да біраз қиындықтарға тап болуда. Осыған байланысты Ұйымды реформалау қажеттілігі туралы мұсылман әлемінің өзекті мәселелерін шешуде оның тиімділігін арттыруға қызмет ететіндігі туралы айтылды.
Министр Палестина мәселесін әділ және жан-жақты шешу қажеттігін, Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесін және Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру қажеттігін атап өтті. Сириядағы дағдарысқа назар аударған Б.Атамқұлов халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде 2019 жылы сәуір айында Астанада 12-ші раунды өтетін Сирия бойынша Астана процесі шеңберінде қолға алған күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын мәлімдеді.
Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленіс туралы алаңдаушылық білдіре отырып, қазақстандық делегация басшысы тараптарды ең алдымен ахуалдың одан әрі ушығудың алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізділген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.
Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйым аясындағы сыртқы саяси бастамаларын іске асырудың қадамдарына назар аударды. Қазақстан форум қатысушыларын ИЫҰ жауапкершілік саласындағы әртүрлі сын-қатерлерге жан-жақты шешім табу үшін кең және икемді платформа болып табылатын Исламдық татуластық бастамасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алаңы арқылы Қазақстан толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосқаны атап өтілді. Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексін қабылдау туралы Қазақстанның бастамасына қосылған ИЫҰ елдеріне алғыс білдіріліп, бұл терроризм және экстремизмге қарсы күреске бейілділіктің көрінісі болып табылды.
Астана биылғы жылы Қазақстанда Бас Ассамблеясының екінші сессиясы өтетін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) құрылуының авторы. ИЫҰ мүше мемлекеттері елімізге ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз ету және аштыққа қарсы күрестің жалпы саясатын үйлестіру саласында басшылық рөлін береді. Осыған орай, қазақстандық делегация форум қонақтарын АҚИҰ қызметіне белсене қатысуға шақырды.
Бұл іс-шарада мұсылман әлемін ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға жұмылдыру жөніндегі қазақстандық көзқарас айтылды, оның ішінде 2017 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші Саммитінің қорытындылары бойынша Қазақстанның бастамалары аясындағы қөзқарас. Біздің ел ИЫҰ Хатшылығымен бірлесе отырып, ғылым және технология бойынша 15 жетекші ислам елін біріктіру арқылы қосымша диалогтық алаң құру бойынша жұмысты жалғастырады.
Мемлекет басшысының бастамасын жалғастырып, 2020 жылы Ташкентте ғылым және технология бойынша ИЫҰ екінші Саммитін ұйымдастыруы үшін Өзбекстанға ерекше алғыс білдірілді.
Министрлер Кеңесінің жұмысы барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерге әсер ететін бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық, әкімшілік және қаржылық мәселелері бойынша 130-дан астам қарар қабылданды. Барлық қазақстандық бастамалар тиісті Министрлер Кеңесінің құжаттарында бекітілді.