Атамқұлов жергілікті қамту көрсеткіштерін асыра орындаған өңірлерді атады

23 Қараша 2021, 09:25
885
Бөлісу:
Атамқұлов жергілікті қамту көрсеткіштерін асыра орындаған өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

Отандық өндірушілерді қолдау үшін ұлттық экономиканың өзіндік стратегиялары іске асырылып жатыр. 2020 жылдан бастап жергілікті қамту үлесі артып, көрсеткіш 1,3% құрады. Биыл 9 айдың қорытындысында реттелетін сатып алудың жалпы көлемі 12,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 6,4% өсіп, 58,3% құрады, - деді министр.
Атамқұлов атағандай, субъектілер бойынша ең жоғары өсім мемлекеттік сатып алуда - 6,2%, ұлттық компаниялардағы сатып алуларда - 0,8% және жер қойнауын пайдаланушылар - 12,8% өсім көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл басында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алуларда мәлімделген жергілікті қамту көрсеткіштері бойынша деректер салыстырылды. Нәтижесінде 14 өңірде көрсеткіштердің артық екені анықталды. Осыған байланысты тиісті ұсыныстар берілді. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жыл сайын тексеру жүргізуді тапсырды, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы