«Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік субъектілер секторында 10 жыл уақыт мерзімінде қызметке орналасу құқығынан айырылды, - делінген Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың қаулысында.
Сонымен қатар сот үкімімен сотталушыдан "қылмыстық жолмен алынған" 5,8 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленді. Мырзахметов мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Еске салсақ, «Атамекеннің» экс-басшысы Боранбаевтың бауырынан аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталды.