Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі лаңкестік әрекеттер салдарынан бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 млрд теңгеден асты. Мәлімет осы жылдың 11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша көрсетілген.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы соманың 93,8 млрд теңгесі – Алматыдағы бизнеске келген шығын.
Байланыс орталығына 3 507 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671. Елдің 9 өңірінде 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект, - делінген хабарламада.
“Атамекен” ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1448, қоғамдық тамақтану – 32, қаржы секторы – 37, логистика – 9, БАҚ – 2.
Оқи отырыңыз: