Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ата-анасының көлігін ұрлап кеткен: Маңғыстауда жасөспірім 14 жастағы қызды қағып кетті

11 Тамыз 2025, 22:28
437
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында 15 жастағы жасөспірім ата-анасының «Газель» көлігін ұрлап мініп, жаяу жүргіншілер жолында 14 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 25 шілдеде таңғы сағат 6 шамасында болған. Алайда оқиғаның видеосы жақында ғана әлеуметтік желіде тараған. Бейнежазбада «Газель» көлігінің жаяу жүргіншілер жолағына шығып бара жатқан сәті анық көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім көлікті ата-анасынан жасырын алып, жол ережесін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан қызды соққан. Соққыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, бес күн бойы жансақтау бөлімінде болды. Дәрігерлер оған күрделі операция жасады. Ол бір ай бойы тек түтік арқылы тамақтанып, денесін қозғалта алмаған.

Жасөспірімнің әрекетіне байланысты оның ата-анасына екі бап бойынша іс қозғалды. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы – кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамау (10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл) және ҚР ҚК-нің 345-бабы – абайсызда орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру (160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе екі жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру).

Өзгелердің жаңалығы