Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды

21 Тамыз 2025, 09:40
2519
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Колумбияның Кордова департаментіндегі Серете қаласында бір отбасы жаңа туған нәрестесіне Чат Йипити Бастидас Герра деп ат қойып, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл есім танымал жасанды интеллект бағдарламасы ChatGPT-ке арналған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ата-ана мұндай қадамды «технология мен жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне құрмет» ретінде түсіндірген. Елдің ұлттық азаматтық реестрі бұл ерекше есімді еш қарсылықсыз тіркеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінді: бірі мұндай есім баланың болашағына қиындық әкелуі мүмкін десе, екіншілері шешімді креативті әрі "прогрессивті" деп бағалады.

Заң бойынша, Колумбияда есім таңдауға ресми тыйым жоқ. Дегенмен, ұлттық АХАТ қызметкерлері ата-ананың таңдаған есімі баланы қорлауы немесе оның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін деп санаса, тіркеуден бас тартуға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы