Қарағандыда дәрігерлер 1 жарым жасар баланың ішінен 22 магнит алып шықты. Бұл туралы Балалар хирургиясы орталығының жетекшісі, балалар хирургы Бейбіт Серғалиұлы Бердібеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, сәби қабылдау бөліміне дене қызуы көтеріліп түскен. Тексеру барысында баланың іш құрсағында бөгде зат бар екені анықталған.

Бала ауруханаға дене қызуы белгісімен түсті. Науқасты тексеру барысында іш құрсағында бөгде зат бар екенін анықтадық. Оны жедел түрде нейрохирургия бөлімшесіне жатқызып, ота жасадық. Операция кезінде баланың ішінен 22 дана магнит алынды. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, бөлімшеде ем қабылдап жатыр, – деді дәрігер.
Дәрігердің сөзінше, ата-аналар баланың ішінде магнит барын білмеген. Осыған байланысты ол ата-аналарға қауіпті ойыншықтар мен магнитті заттарды үйге сақтамауға кеңес берді.
Баланың ішінде бөгде зат бар екенін ата-анасы білмеген. Ата-аналарға магнитті затты үйге сатып алмауды ескертеміз, - дейді хирург.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда қонақта жүрген 10 жасар қыз терезеден құлап, ауруханаға түскені хабарланды.