Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді

23 Қыркүйек 2024, 18:23
377
Бөлісу:
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. 

Бағдарламаның басты басымдығы - балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.

Өзгелердің жаңалығы