Ата-аналар мен педагогтерге арналған тағы бір бағдарлама әзірленіп жатыр

30 Мамыр 2024, 11:56
553
Бөлісу:
Ата-аналар мен педагогтерге арналған тағы бір бағдарлама әзірленіп жатыр
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

Қазақстанның ұлттық заңнамалық базасы, оның ішінде "Бала құқықтары туралы" және "Білім туралы" заңдар – бұл балалардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шағы құрылатын құқық қорғау саласы. 2022 жылдан бастап енгізіліп жатқан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі оң нәтижесін беріп келеді, - деді ол.

Оспанова атап өткендей, тәрбие процесін ойын және әртүрлі іс-шаралар арқылы ұйымдастыру балалардың физикалық, интеллектуалдық және жеке дамуына оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар балаларды ерте жастан тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама контенті мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды ескере отырып жасалады, - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы