Ата-аналар балаларға жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме

21 Тамыз 2023, 15:46
719
Бөлісу:
Ата-аналар балаларға жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мұғалімдердің ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлеуге құқығы бар құқығы бар-жоғын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Брифинг барысында журналист 2-4 сынып оқушыларының ата-аналарын мұғалімдер жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлейтінін мысалға келтірді. Мұндай дәптердің орташа бағасы 5000 теңге, оларды табу өте қиын екенін атап өтті.

Оған қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жылқыбаева 1-сыныпқа алдағы оқу жылына оқулықтар мен жұмыс дәптерлері сатып алынғанын айтты. Яғни, бірінші сынып оқушыларына қосымша жұмыс дәптерін сатып алудың қажеті жоқ.

2-4 сыныптар үшін жұмыс дәптері оқу-әдістемелік кешен ретінде келеді. Мұғалімдердің оларды сатып алуды талап етуге құқығы жоқ, өйткені бұл міндетті емес, - деді Ләззат Жылқыбаева.

Ол ата-аналардың бірі осындай жағдайға тап болса, Алматы қаласының Білім басқармасына шағымдануға болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы