At-travel клубының негізін қалаушы алғаш рет спорттық разряд алды

30 Желтоқсан 2022, 12:10
1967
Бөлісу:
At-travel клубының негізін қалаушы алғаш рет спорттық разряд алды
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстан тарихында алғаш рет спорттық туризмнің салт аттылар бағыты бойынша спорттық дәреже тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес бірқатар спортшыларға, спорттық дәрежеге тапсырған мамандарға түрлі деңгейдегі спорттық дәреже берілді.

Олардың қатарында Ұлттық ат туризмі федерациясының мүшесі – At-travel клубының мамандары да бар. 

Бұл еліміздің туризм саласындағы, соның ішінде жылқы туризмі саласындағы тарихи сәт деуге болады. Бұған дейін нақты жылқы туризмі саласынан «Спорттық туризм» бойынша дәреже (разрияд) алған ешкім жоқ.

Сонымен ел тарихында алғаш рет «ІІ разрядты спортшы» дәрежесін Ұлттық ат туризмі федерациясының президенті, At-travel клубының негізін қалаушы Берік Ақылбеков алды. 

At-travel клубының негізін қалаушы алғаш рет спорттық разряд алды

Біраз жылдан бері салт атпен сапар шегуді қолға алып келеміз. Басты мақсат – Қазақ даласында салт аттылар санын көбейтіп, жылқы мәдениетін дәріптеу. Жас ұрпақтың атқа мінуге деген қызығушылығын арттыру. Ұланғайыр даланы осы жылқы арқылы бүгінгі бізге қалдырған бабалар аманатына адал болсақ дейміз. Жұмыс енді басталды. Жылқы туризмін дамытсақ деген ниетіміз бар. Әзірге нәтиже жаман емес, десе де атқарар жұмыс әлі де алда – дейді Берік Ақылбеков.

At-travel клубының негізін қалаушы алғаш рет спорттық разряд алды

Ұлттық ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен At-travel клубының мүшелері 2016 жылдан бері еліміздің бірнеше облысының аумағында үнемі салт аттылар сапарын ұйымдастырып келеді. Басқасын айтпағанда 2021 жылдың жазында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Бозоқтан Жидебайға дейін 1000 шақырымды салт атпен жүріп өткен болатын. Бұл сапар да Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең алғашқы ең алыс сапар болғанын айтып өткен жөн.

At-travel клубының негізін қалаушы алғаш рет спорттық разряд алды

Бүгінгі таңда At-travel клубының мүшелері еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, БҚО, ШҚО, Жетісу облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында салт атпен сапар шегіп жүр.

Өзгелердің жаңалығы