Асық атудан Жетісу облысының чемпионаты өтті

Талдықорғанда асық атудан Жетісу облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 22 Қазан 2024 2024, 23:42
22 Қазан 2024 2024, 23:42
819
Фото: скрин

Талдықорғанда асық атудан Жетісу облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық спорт бәсекесіне аудан-қалалардағы іріктеуден өткен 25 спортшы қатысты. Олар олимпиадалық жүйе бойынша өзара үздікті анықтады.

Ұлттық спортты жанына серік еткендер 7 минуттан үш ойын өткізді. Мергендігімен қарсыласын қапы қалдырғандар келесі кезеңге шықты.

Жеңіс тұғырына көтерілген екі ойыншы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Бас жүлдеге жеңіл көлік тігілген байрақты бәсеке республика күніне орай Астанада өтеді.

Наверх