Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа барды

17 Қыркүйек 2019, 20:33
1648
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа барды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын және бөлшектерді құрастыратын цехтарды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президентке компанияның қазіргі жұмыстарының есебі беріліп, кәсіпорынның технологиялық тұрғыдан одан әрі жаңғыртылу жоспары баяндалды.
IMG_6081-17-09-19-06-55.JPEG

Кәсіпорын директоры Амангелді Арғынбаевтың айтуынша, елімізде алғаш рет көпқабатты баспа тақтасын өндіру ісінің жедел іске қосылуы әлемдік стандартқа сәйкес бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді. Бұл республика экономикасының түрлі салаларында қолданылып, келешекте экспортқа шығарылатын болады.

IMG_6083-17-09-19-06-55.JPEG

IMG_6084-17-09-19-06-55.JPEG

500-ден астам адам жұмыс істейтін кәсіпорын одандық машина жасау саласының көшбасшысы саналады. Зауыт темір жол, мұнай-газ, энергетика салаларында пайдалану үшін азаматтық және әскери мақсатқа арналған 100-ден астам өнім түрін шығарады. 

IMG_6086-17-09-19-06-55.JPEG

Өзгелердің жаңалығы