АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз аустралиялық Купер Макконалмен өзара алтынды сарапқа салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде қарсыласынан айласын асыра алмады. Нәтижесінде Купер Макконал 2:3 есебімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, осыған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс медалді қоржынға салған еді.