Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды.
Ол төрешілердің шешімімен 99.84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті.
Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді - 99.45 ұпай. Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді - 93.76 ұпай.