Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Асу Алмабаев UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған (Асу Алмабаевтың өзі 14-ші орында тұр) бразилиялық Матеус Николауға (19-4-1) қарсы шықты. Кездесу үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұл Асудің UFC-дегі төртінші кездесуі. Осыған байланысты қазір файтердің рекорды 4-0 болып отыр. Ал қазақстандық спортшының қарсыласы оныншы кездесуін өткізіп, рекорды 6-4 болды.