Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (21-2-0) келесі жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Darteam командасының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Файтер инстаграм парақшасында фото жариялап «Қоңырауды күтіп отырмын» деп жазды.
Біздің команданың файтері кеше ғана жекпе-жектен оралды және келесі қарсыласының күтіп отыр, - деп жазды Darteam.
Алмабаевтың келесі қарсыласы Кай Кара Фрэнс немесе жапониялық файтер Тацуро Тайра болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, Асу 19 қазанда UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңгеннен кейін 57 келіге дейінгі UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде 14-орыннан 7-орынға көтерілді.