Ақтөбе тұрғыны астыртын есірткі зертханасымен айналысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазан айының соңында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 48 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ер адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол ірі көлемде қарасора өсіріп, оны сату мақсатында сақтаған. Сондай-ақ оның саяжайында соңғы технологиямен жабдықталған жерасты есірткі зертханасы табылды.
Ақтөбеліктердің айтуынша, ол тұқым мен техниканы интернет-дүкеннен сатып алған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 400 грамнан асты. Ұсталған адам мас күйінде болған.
Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен және ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен сараланған. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.