«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу бағдарламасына қатысуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдауды бастайды. Бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ең алдымен, астық сатып алу шағын шаруа қожалықтарының өз өнімдерін әділ бағамен өткізуін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта ауыл шаруашылығы субъектілері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Сондай-ақ, артық астықты сатып алу тетігі ішкі нарықтағы баға конъюнктурасына делдалдардың ықпалын барынша азайтады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгіленген стандарттар мен сапа талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астығын бәсекелестік шарттарда сатып алады. Тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша алдын ала бағалар:
3-сыныпты бидай (желімтегі 27%+) – 90 000 теңге ҚҚС-пен;
3-сыныпты бидай (желімтегі 25%+) – 80 000 теңге ҚҚС-пен;
3-сыныпты бидай (желімтегі 23%+) – 75 000 теңге ҚҚС-пен;
4-сыныпты бидай (желімтегі 21%+) – 65 000 теңге ҚҚС-пен;
4-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 55 000 теңге ҚҚС-пен;
5-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 50 000 теңге ҚҚС-пен;
2-сыныпты арпа (натурасы 630 г/л) – 50 000 теңге ҚҚС-пен.
Бір агроөнеркәсіп кешенінен сатып алудың жиынтық көлемін көбірек фермерлік шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәртебесін растау және өтінім бойынша астық сатып алу көлемін айқындау үшін әлеуетті өнім беруші 2024 жылғы "Барлық жерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтаманы және мемлекеттік уәкілетті орган растаған аттас есепті ұсынуға тиіс.
Барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фермерлердің өтінімдерін қарау облыстардың Үйлестіру кеңестерінің қатысуымен жүргізілетін болады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ақшалай қаражатын бөлгеннен кейін фермерлер астық жеткізгені үшін ақы ала алады.
Қазіргі уақытта астық операторының ақша алуына қаржы-экономикалық негіздемені мақұлдау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Тікелей сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Астықты қабылдаумен оператор айқындаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары айналысады.
Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.
«Азық - түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ - мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады.