Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа ғарыш агенттігінің астрономдары Құс жолының егжей-тегжейлі картасын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл Гея жобасының аясында жасалған зерттеу нәтижесі. Ол 10 жыл бұрын іске қосылған.
Ғылыми жұмыстар кезінде аспан денелерінің үлкейіп-кішірейіп тұратыны, бірақ пішіні мен құрылымы өзгеріссіз қалатыны белгілі болды.
Сондай-ақ «жұлдыз сілкінуі» деген құбылыс анықталды. Жалпы Гея жобасы 2 млрд жұлдызды қамтиды. Бұл галактикада бар жұлдыздардың шамамен бір проценті.