Астананың Сарыарқа ауданында 12,5 мың адам сенбілікке шықты

29 Сәуір 2023, 13:42
812
Бөлісу:
Астананың Сарыарқа ауданында 12,5 мың адам сенбілікке шықты
Фото: 7kun.kz

Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Сарыарқа ауданындағы саябақтар мен скверлерді жинауға 12,5 мыңға жуық тұрғын шығып, 600 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қатысушылар арасында шағын және орта бизнес, мәдениет, спорт, ардагерлер кеңесінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен елорда тұрғындары бар.

Қарағай, шырша, қайың сияқты ағаштар отырғызылды. Саябақ аумағында суару жүйесі бар. Яғни, 15-20 минут сайын әр учаскеде автоматты суару жүргізіледі. Оған мердігер ұйым мен суару қызметі, сондай-ақ әкімдік тарапынан техникалық қадағалау жасалады, - дейді Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жансейіт Тынбаев.

Оның айтуынша, ағаштардың 90-95% аумаққа бейімделіп, тез өсіп кетеді.

Көктал паркінің жалпы ауданы - 15,7 гектар. Ашылған күннен бастап мұнда 8 мыңнан астам тал егілген.

Еске салсақ, елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтіп жатыр. Оның аясында коммуналдық және жалпықалалық бірнеше сенбілік ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы