Қалалық мәслихат сессиясында елорданың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін үш азаматқа «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар – белгілі қазақстандық дәрігер-нейрохирург Серік Ақшолақов, ҚР қоғам қайраткері Қайсар Омаров, еңбек сіңірген құрылысшы Николай Тихоню, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Серік Ақшолақов отандық медицинаның дамуына үлкен үлес қосты. Ол операциялық микроскоп пен микрон нейрохирургия арқылы мидың базальды бөліктерінің, ми бағанының, мидың қарыншалары жүйесіндегі ісікке ең күрделі нейрохирургиялық операциялар жасайды. Маман ми мен омыртқаға 5 мыңнан астам операция жасаған. Серік Ақшолақов Қазақстанда алғаш рет микрон нейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия негіздерін енгізді, алғаш рет нейронавигацияны қолданды, эпилепсияны жедел емдеуді жүзеге асырды және т.б. Денсаулық сақтау саласын дамытудағы жетістіктері үшін оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген.
Николай Тихонюк – ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы. Ел астанасы ауысқан сәттен бастап қала әкімінің бірінші орынбасары, Сарыарқа ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Оның басшылығымен елордада «Бәйтерек» монументі, «Думан» океанариумы, «Хан шатыр» СОО, «Астана Опера» опера және балет театры, «Сарыарқа» велотрегі және т.б. салынды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Қайсар Омаров – ҚР қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері. Оның басшылығымен құрылыс, үлестік қатысу мәселелері бойынша заңнамалық база сапалы түрде жақсартылды. Қала құрылысын жоспарлау, жер учаскелерін бөлу, жобалау және құрылыс кезінде су қорғау және табиғат қорғау режимін сақтау мәселелері бойынша заң жобаларына 80-нен астам түзету енгізілді және т.б. «Құрмет белгісі», «Құрмет» және т.б. ордендерімен марапатталған.